Басты Жаңалықтар Мальтада көлік жарылып, зерттеуші-журналист мерт болды

Мальтада көлік жарылып, зерттеуші-журналист мерт болды

Мальтада зерттеуші-журналист көлігі жарылғанда мерт болды. Бұл оқиға 53 жастағы Каруана Галиция үйінен шыққан сәтте болған. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Дегенмен, 15 күн бұрын журналист өзіне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға шағымданған.

Бұған дейін, Галиция «Панама ісін» тергеуге қатысып, премьер-министр Джозеф Мускаттың отбасын жемқорлық үшін айыптаған-ды. Журналистің мәліметінше, үкімет басшысының әйелінің Панамадағы компаниясы Әзірбайжан президенті қызының фирмасымен байланыста болған.

Қастандықтан кейін Мускат мәлімдеме жасап, «тілшіге жасалған айуандықты ештеңемен ақтап алуға болмайтынын» атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

Бөлісу