Сомалиде жойқын жарылыстан 276 адам қаза тапты
Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 276-ға жетті. Шамамен 300-і жараланып, ауруханаға түскен. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, бомбаға лық толы жүк көлігі адам көп жиналатын аудандағы «Сафари» қонақ үйінің алдында жарылған. Алапат дүмпуден ғимарат жермен жексен болып, адамдар үйінді астында қалды. Жергілікті ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, шабуылға «Аш-Шабаб» террористік тобы жауапты. Бұл ұйым үкіметке және БҰҰ-ның гуманитарлық қызметіне қарсы.
Қазір госпиталдарда жараланғандарға көмек үшін тұрғындар қан тапсырып жатыр. Ел президенті Мұхаммед Абдуллахи Мұхаммед соңғы жылдары болған ең ірі қанды оқиғаға байланысты үш күнді қаралы деп жариялады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06