Мексикада түрмеде төбелес болып, 13 адам қаза тапты
Мексиканың солтүстігіндегі түрмеде төбелес шығып, 13 адам қаза тапты. Тағы 8 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті Ұлттық қауіпсіздік өкілдігінің дерегі бойынша, оқиға Нуэво-Леон штатында Кадерейта қаласында болған. Абақтыда екі қарсылас топ арасында жанжал шығып, сотталғандар бір-біріне қол жұмсаған. Құқық қорғаушылар төбелесті басу үшін қару қолдануға мәжбүр болды.
Айта кетейік, соңғы кездері Мексикада қылмыстық оқиғалар күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан, түрмелер есірткі тасымалдаған, зорлық-зомбылық, ұрлық жасаған адамдарға лық толы. Естеріңізге салсақ, биыл шілде айында Акапулькодағы түрмеде дәл осындай бүлік кезінде 28 адам мерт болған еді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06