Каталонияға қатысты мәлімдеме жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияға қатысты мәлімдеме жасалмақ

10.10.2017

Бүгін Каталонияда маңызды оқиға болады. Автономиялық аймақ лидері Карлес Пучдемон біржақты тәуелсіздік жариялауы немесе осыған қатысты жай символикалық мәлімдеме жасауы мүмкін. Дегенмен, Пучдемонмен партиялас бір депутаттың сөзінше, бүгінгі сөзінде Каталан басшысы тәуелсіздікті жарияламайды.

Жалпы, бұл облыстың Испаниядан бөлінуіне қарсы қысым күшейіп келеді. Тіпті, осы автономия тұрғындарының арасында да корольдік құрамында қалуды жақтайтындар көп. Бұл провинция біржақты тәуелсіздік жарияласа, одан Еуропалық Одақ бас тартуға дайын. Сонымен қатар, мұндай жағдайда талай ірі компания Каталониядан кететінін ескертті.

Каталонияда қазанның 1-де өткен референдумда дауыс берушілердің 90 пайызы Испаниядан ажырауды қолдады. Дегенмен, сол плебисцитке каталондықтардың 43 пайызы ғана қатысқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу