«Yahoo»-дың 3 миллиард аккаунты ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Yahoo»-дың 3 миллиард аккаунты ұрланды

04.10.2017

«Yahoo» компаниясы 2013 жылы хакерлер шабуылдаған 3 миллиард аккаунттың ұрланғанын мәлімдеді. Бұл арнайы тексеру нәтижесінде белгілі болған.

Ал, 2016 жылдың желтоқсан айында тек 1 миллиард қолданушы зардап шекті деген хабар тараған еді. Бірақ, хакерлер олардың есепшоттары, төлем карталары және құпиясөздері жайлы ақпаратты аша алмаған. Бұл жағдай «Yahoo»-дың құнының төмендеуіне себеп болды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу