Лас-Вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында казино маңында өтіп жатқан музыкалық фестиваль кезінде атыс болды. 50-ден астам адам қаза тауып, 200 шақтысы жараланған. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Мұны «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады.
Оқыс оқиға Манадалай-Бэй казиносының алдында болды. Куәгерлердің айтуынша, фестивальға келген адамдарға кенеттен біреу оқ жаудыра бастаған. Әлеуметтік желілерде көшеде жараланып жатқан адамдардың суреттері мен видеолары да тарап үлгерді. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне шабуылшы сол жердегі қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ атқан. Арнайы операция барысында ол мерт болды.
Әзірге шабуылшының аты-жөні белгісіз. Бірақ, жергілікті тұрғын екені анықталды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06