Ирактағы Күрдістанның референдумына 3,3 млн. адам қатысты
Ирак Күрдістанында өткен тәуелсіздік референдумына қатысқандардың қатары 72,16 пайыз немесе 3,3 миллиондай адам. Бұл туралы «Әл-Сумария» телеарнасы жария етті. Ал, алдын ала мәліметке сай, Күрдістан автономиялық ауданы қалаларында дауыс берушілердің 95 пайызы тәуелсіздікті қолдаған. Ал, плебисциттің ақырғы нәтижесі 72 сағат ішінде мәлім болады. Ирак Күрдістаны тәуелсіздік референдумын Бағдат, Иран және Түркия мен батыс елдерінің наразылығына қарамастан өткізіп отыр. Дегенмен, дауыс беру қорытындысының күші жоқ. Ал, осы шара арқылы автономия президенті Махмуд Барзани Ирактан бөліну туралы келіссөздерді бастаудан үмітті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18