«Мария» дауылы Доминика аралына жойқын соққы берді
Аралдық мемлекеттің премьер-министрі Рузвельт Скерриттің сөзінше, тұрғындар «ақшаға сатып алуға болатын бұйымдардың бәрінен айырылған». Күшті жел үкімет басшысы үйінің де шатырын ұшырып әкетті.
Жел сағатына 260 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Премьер авиациясы бар көрші елдерден көмек сұрауға мәжбүр.
Әзірге табиғи апаттан қанша адамның жапа шеккені белгісіз. Аралдағы барлық порттар мен әуежайлар жабылып, жағалауға жақын маңдағы тұрғындарға көшу туралы тапсырма берілді.
72 мың тұрғыны бар Доминика аралы Кариб теңізінде орналасқан. Оны кейде туристер арасында өте танымал Доминикан Республикасымен шатастыратындар бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18