АҚШ Президенті Дональд Трамп елге сириялық босқындарды кіргізуге уақытша тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Президенті Дональд Трамп елге сириялық босқындарды кіргізуге уақытша тыйым салды

28.01.2017
Сондай-ақ, АҚШ басқа мемлекеттерден келген мигранттарды да 4 айдай қабылдамайды. Бұл туралы жарлыққа Ақ үй басшысы Сыртқы істер министрінің ант қабылдау салтанатынан кейін қол қойды.

Трамптың сөзінше, осы шектеу елге террористердің кіруіне тосқауыл болмақ. Бұдан бұрын Құрама Штаттарға Судан, Йемен, Ливия, Сомали, Ирак, Иран сынды мұсылман мемлекеттерінен барған босқындарға да шектеу қойылатыны хабарланған-ды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу