Пентагон қабырға құрылысына қаражат бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон қабырға құрылысына қаражат бөлді

04.09.2019

АҚШ Мексикамен арадағы шекарасында қабырға тұрғызу үшін 127 әскери құрылыс жобасын тоқтатты. Оларға бөлінген қаражат дуалдың 280 шақырымын тұрғызуға жұмсалады. Осылайша, сайлау алды уәделерінің бірін орындау мақсатында ел президенті Дональд Трамп Пентагоннан 3,6 миллиард доллар алмақ. Ақ үй басшысы бұл шешімді «шекара қауіпсіздігі мәселесіндегі ұлы жеңіс» деп атады.

Айта кетсек, жыл басында бюджеттік дағдарысқа байланысты Конгресс қабырға құрылысына ақша бөлуден бас тартқан еді. Сондықтан, Трамп басқа жобалар үшін қарастырылған ақшаны құрылысқа құюды шешті. Мамыр айында Калифорния федералдық соты қорғаныс министрлігінің қаражатын пайдалануға тыйым салған-ды. Дегенмен, АҚШ Жоғарғы соты сол үкімнің күшін жойып, Трампқа Пентагон қаржысын жұмсауға рұқсат беріп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу