Еуропалықтарға АҚШ-қа баруға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалықтарға АҚШ-қа баруға рұқсат берілді

19.01.2021

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа елдері мен Ұлыбританияның, сондай-ақ Бразилия азаматтарының Америкаға келуіне рұқсат берді. Бұған дейін пандемияға байланысты олардың кіруіне тыйым салынған еді. 

Аталған ереже қаңтардың 26-да күшіне енуі тиіс. Алайда ертең президенттік қызметіне ресми түрде кірісетін Джо Байден бұл шешіммен келіспейді. Оның әкімшілігі вирустың өршуіне байланысты халықаралық сапарларға шектеулер әлі де жалғасады деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу