Вашингтонда мыңдаған адам Дональд Трамптың миграция туралы саясатына қарсы наразылық білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда мыңдаған адам Дональд Трамптың миграция туралы саясатына қарсы наразылық білдіруде

26.01.2017
«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй басшысы сириялық босқындарды елге кіргізбеуге ниетті. Сондай-ақ, ол Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Йемен сынды 7 мұсылман мемлекетінің азаматтарына виза беруді де уақытша тоқтатпақ. Болжамдарға қарағанда, бұл мәселелер бойынша жарлыққа Трамп осы аптада қол қоймақ. Қазірдің өзінде елде 12 мың сириялық босқын бар.

Ал, кеше АҚШ басшысы Мексикамен шекарада қабырға орнату жөнінде құжатқа қол қойды. 3 мың шақырымға созылатын қабырға тұрғызу жоспары Трамптың сайлауалды кампаниясында да айтылған болатын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу