Көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді көздейтін заң мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді көздейтін заң мақұлданды

30.01.2019

Мәжілістің жалпы отырысында көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді және интернет арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысын реттеуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат бойынша жолаушылар мен жүк тасымалдау және техникалық тексеріс бағытындағы 6 заңға өзгерістер енгізіледі. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарынан алынған мәліметтерді интеграциялау арқылы міндетті техникалық байқаудан өтетін көлікті тоқтатпай-ақ тексеруге болады. Депутаттар алдында сөз сөйлеген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аталған заң жобасы шекара маңында орналасқан елді мекендердегі жолаушылар тасымалын дамытуды көздейді. Сондай-ақ, Uber, Yandex пен InDriver сияқты интернет арқылы такси қызметін жүргізетін компаниялардың жұмысы аталған құжат арқылы реттеледі.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу