Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
Йеменде ираншыл хуситтер мен Саудияға арқа сүйеген үкімет әскері арасында шайқас жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, хуситтер Баб-әл-Мандеб бұғазындағы Перим стратегиялық аралына жеткен. Осылайша олар әлем үшін маңызы зор кеме жолдарына ықпал етуге жақын.
Сарапшылардың ойынша, егер хуситтер аталған бұғазды басып алатын болса, Иран АҚШ-пен соғыста үлкен басымдыққа ие болады. Себебі Ормұзбен бірге тағы бір мұнай жолы Тегеран мен оның одақтастарының бақылауына өтпек.
Кеме жолдарына шабуылдың жиілеуі мұнай нарығына кері әсер етіп отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы шикізат баррелінің бағасы 110 долларға жақындап қалған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгермен кездесу өтті
28.10.2026, 17:13