Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстанның халықаралық қаржы резервтері 138,8 миллиард долларға жетті
Қазақстанның халықаралық қаржы резервтері тамыз айында 9,4 миллиард долларға
өсіп, қыркүйек басында 138,8 миллиард долларға жетті. Өсімге Ұлттық Банктің
халықаралық резервтері мен Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері әсер
еткен. Сарапшылардың айтуынша, резервтердің артуына алтын бағасының қымбаттауы
да ықпал еткен, сондықтан өсімді жаңа қаржы түсімі ретінде ғана бағалауға
болмайды. Қазіргі резерв көлемі елдің сыртқы қаржылық тұрақтылығы үшін маңызды
саналады.
Қазақстан Қытаймен шекараға QR төлемін іске қсопақ
Қазақстан мен Қытай арасында QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі пайда болады.
Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech саммитінде Ұлттық банк төрағасының
орынбасары Бинұр Жәленов Қазақстан 11 елмен шекарааралық төлемдерді іске қосуға
дайындалып жатқанын айтты. Жоба жүзеге асса, Қазақстандықтар Қытайда банк
қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп, төлем жасай алады. Кейін мұндай жүйе
Үндістан, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдермен де іске қосылмақ.
Б.Асаубаева Үндістанда үздік ойыншы атанды
Бибісара Асаубаева Үндістандағы Tech Mahindra Global Chess League турнирінің
сегізінші турында үздік ойыншы атанды. Қазақстандық шахматшы ресейлік Полина
Шувалованы 3:0 есебімен жеңіп, командасына маңызды ұпай әкелді. Турнирдің жүлде
қоры – 1 миллион доллар. Global Chess League 13 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Энрике Иглесиас: Тағы да Рақмет, Қазақстан!
«Тағы да рақмет, Қазақстан!» Энрике Иглесиас әлеуметтік желісіндегі парақшасында
әсерлі видео жариялады. Видеода Астана мен Алматы қалаларында өткен
концерттердің ең әдемі сәттері бейнеленген. Осылайша әйгілі әнші қазақстандық
тыңдармандарына жылы лебізін білдірді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында зертханалық-талдау кешені ашылды
11.09.2026, 17:30
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады
11.09.2026, 17:27
Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
11.09.2026, 17:25
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
11.09.2026, 17:22
Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
11.09.2026, 17:20
Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
11.09.2026, 17:17
Айфон аламыз деп алаяқтың құрбаны болуыңыз мүмкін
11.09.2026, 17:15
Ауылға баратын медбикелер мен фельдшерлер ₸1 млн алады
11.09.2026, 17:12