11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
Биыл 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған жойқын терактіге 25 жыл. Сол күні таңертең «Әл-Каида» террористік ұйымының 19 мүшесі АҚШ-та төрт жолаушылар ұшағын басып алды. Оның екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының Солтүстік және Оңтүстік мұнараларына соғылып, ғимарат опырылды. Үшінші ұшақ Вашингтон маңындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ғимараты Пентагонға шабуыл жасады. Ал төртінші лайнер Пенсильвания штатындағы алқапқа құлаған. Теракт кезінде 2 977 адам қаза тапты.
Райан Янтис, куәгер:
Пентагонға құрлық әскерінің өкілі ретінде тағайындалған едім. Ұшақ ғимаратқа соғылған күні сол жерде болдым. Ғимараттан шығып үлгердім, қарамағымда болған адамдардың қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, басқаларға көмектесіп, оларды қауіпсіз жерге шығаруға көмектестім.
Ал 25 жыл өтсе де, терактінің жоспарын әзірледі деп айыпталған Халид Шейх Мохаммедке қатысты негізгі сот процесі әлі басталған жоқ. Ол жоспарын әзірлеп, әл Каида жетекшісі Усама бен Ладенге ұсынған, операцияны дайындауға тікелей қатысқан. Тамызда сот тағы кейінге шегеріліп, 2028 жылғы 5 маусымға белгіленді. Алайда нақты сол күні өтеді деуге әлі ерте. Қандай да бір дау туындаса, процесс тағы кейінге қалуы мүмкін дейді жергілікті басылымдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы