Айфон аламыз деп алаяқтың құрбаны болуыңыз мүмкін
Айфон аламын деп алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Жаңа iPhone-ды асыға күткен жұрттың қызығушылығын әккілер де өз пайдасына жаратып жатыр. Мамандардың мәліметінше, алаяқтар тұрғындарға Apple Store атынан жаңа смартфонға алдын ала тапсырыс рәсімделгені туралы хабарлама келеді. Оны тоқтату үшін көрсетілген нөмірге қоңырау шалуды сұрайды. Алайда телефонның ар жағында киберқылмыскерлер отыр. Осылайша олар сіздің деректеріңізге қол жеткізбек. Сондай-ақ жаңа телефонды сатылым басталған күні жеткізуге уәде беріп, алдын ала брондау да ұсынылады. Сондықтан мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, бейтаныс нөмірлерге қоңырау шалмауға және банк деректерін ешкімге бермеуге кеңес береді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгермен кездесу өтті
28.10.2026, 17:13