Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
Елімізде 1-10 қыркүйек аралығында әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жаппай тараған бес ақпарат та фейк екені анықталды.
Мәселен, елімізде азаматтардың неке тіркеу мерзімін белгілі бір уақыттан кейін міндетті түрде ұзартуы тиіс деген ақпарат жалған болып шықты. Әділет министрлігі неке бір рет тіркелетінін, оның қолданылу мерзімі жоқ екенін хабарлады. Одан бөлек, нотариустардың атқарушылық жазбалардың күшін жоюына тыйым салынғаны және Қостанай облысындағы ауыл тұрғындарының эвакуацияланғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстанға қатысты мәлімдемесі мен мектеп формасына байланысты айыппұл туралы жалған мәліметтер де болған. Бұл ақпараттарға қатысты мемлекеттік органдар мен JAQ.OrtCom түсініктеме беріп, осы секілді жазбаларды алаяқтық схемаға ұқсас тәсіл ретінде бағалады. Мамандар ресми хабарламаға ұқсатып жасалған ақпарат тұрғындарды жалған сілтемелерге өтуге, дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін деп сақ болуды ескертті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы