Басты Жаңалықтар Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады

Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту туралы тапсырмасы аясында Ақтөбедегі футбол стадионын салуға Үкімет резервінен 6,5 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта спорт нысанының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 35 мың көрерменге арналған арена белсенді дамып келе жатқан «Алтын орда» ауданынан бой көтеруде. Құрылысқа 25 гектар жер бөлінген. Стадион УЕФА-ның 4-інші деңгейлі талаптарына сай жобаланды. Жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Жоба үш кезеңге бөлінген. Үкіметтен бөлінген қаржы биыл басталған жұмыстарға бағытталады. Нысан толықтай 2028 жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс. Жаңа аренада халықаралық деңгейдегі футбол матчтарымен қоса өзге де ірі спорттық, мәдени іс-шаралар өтеді.

Абзал Әбдікәрімов, облыс әкімінің орынбасары:

Жобаны іске асыру қажеттілігі өңір тұрғындарының футболға деген қызығушылығының жоғары болуымен байланысты. Ақтөбе футбол клубының матчтарына билетке деген сұраныс қолданыстағы стадионның сыйымдылығынан едәуір асып, орта есеппен 40-45 мың адамды құрайды.


Бөлісу