Депутаттар күн тәртібінде 18 сұрақты қарады. Табиғи монополиялар, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мәселелер, дәрі-дәрмек бағасын реттеу сияқты маңызды заң жобалары жұмысқа алынды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауы – еліміздің дамуындағы жаңа тарихи дәуірді бастайды. Сондықтан, сессия соңына дейін Президент Жолдауын жүзеге асыруға қатысты басқа да маңызды заң жобаларын қабылдау міндеті бар. «Осы орайда Мәжілісті қауырт жұмыс күтіп тұр»,- деді спикер. Өйткені, «Мәжілістің басты жұмысы - бұрынғыдай Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарының заңнамалық тұрғыда қолдау болып қала береді», - деді спикер.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Президентіміз нақты белгілеп берген 10 бағыт ол - біздің заманға сай болуымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге, жаңа табыстарға жол ашатыны сөзсіз. Сондықтан, Елбасымыз жүктеген мақсаттарды сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол біз үшін өте үлкен жауапкершілік және абыройлы міндет.
Индира БЕГАЙДАР