Бүгін Үкімет отырысында құжат бірауыздан мақұлданды. Жаңа жоспар бұған дейін қолданыста болған 2020 құжатының орнына қабылданды. Стратегиялық жоспарға сәйкес, еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделі пайда болады. Олар негізгі 3 драйвер бойынша іске асады. Үкімет технологиялық жаңару, экспортқа шығатын өнімдердің көлемін арттыру, жаңа индустрияландыруға баса мән беріп отыр. Құжаттағы жоспарлар уақытылы жүзеге асса, 2025 жылға дейін халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бірнеше есе жақсарып, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Стратегиялық жоспар Қаақстанның 2025 жылға дейінгі дамуын айқындайды. Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге бағытталған.