Түркі кеңесінің IV саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері кездесті
Түркітілдес мемлекеттер ынтымағы кеңесіне қазір 4 мемлекет - қазақ, қырғыз, түрік һәм Әзірбайжан елдері мүше.
Халықаралық ұйым 2009 жылы Нахичевань келісімінен кейін құрылған. Ұйымды құруға біздің мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашы болғанын айтып өту ләзім.
Негізі түркітілдес елдердің ынтымағын Қазақстан азаттық алғалы қолдап келеді. Бүгінгі жиынға Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та қатысып, туризм саласындағы ынтымаққа мемлекетіміздің қосар үлесі мен мүмкіндіктері туралы баяндады.
IV саммиттің Бодрумда ұйымдастырылғанын да тақырыпқа тұздық деп қосуға болар. Өйткені, Бодрум біздің жиһанкездерге жақсы таныс, туристік қала.
Негізі, Анадолы жұртының туристік әлеуетін қандас біз ғана емес, әлем әлдеқашан мойындаған. Ендеше, бұл жолғы тақырыпты түрік ағайынның жетік меңгергені даусыз.
Негізгі шаруа ертең басталады. Қазақстан, Қырғыз, Әзірбайжан және Түркияның президенттері бас қосады. Сондай-ақ, бұл жолғы саммитке Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов те қатысады деген үміт бар.
Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертпек
10.09.2026, 13:27
Миялы – Тайсойған жолын құм басып қалған
10.09.2026, 13:24
Алматыда салют атуға болмайды
10.09.2026, 13:21
Әлеуметтік желіде балағаттаған ақтөбелік айыппұл арқалады
10.09.2026, 13:18
Си Цзиньпин Үндістанға сапарлауы мүмкін
10.09.2026, 13:15
11-ші қыркүйек оқиғасына 25 жыл
10.09.2026, 13:12
Ұлытау облысындағы ауылда мектеп ашылды
10.09.2026, 13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарымыз ең алдымен зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы қажет»
10.09.2026, 13:08