Отандық туроператорлар әлемге танымал шетелдік әріптестерімен бірлесіп, елге саяхатшыларды тарту ісін ілгерілетпекші.
Туризм саласы бойынша дүниежүзінде көш бастап тұрған Индонезия, Малайзия, Қытай, Біріккен Араб әмірліктері мен Еуропа елдерінің мамандары енді Қазақстанға туристерді тартпақшы. Қазір олар Алматы мен Алматы облысының маңайындағы көрікті-тарихи жерлерді аралап, оған баратын жолдарды зерттеп, зерделеуге кірісті. Сонымен қатар, аймақтың инфрақұрылымымен танысып, соған сай жоспар құрып жатыр. Егер бұл іске асса, алдағы уақытта ірі мегаполиске сырт мемлекеттерден келетін туристердің нөпірі көбейеді.
Асылан Қоңырханов, Қалалық туризм басқармасы Туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы:
Шет елдік туроператорлар 5 күн бойы Алматы қаласының туристік ең көрікті жерлерімен танысатын болады. Яғни шет елдік 20 туроператорды Алматы қаласының инфрақұрылымын туристік әлеуетімен таныстыру мақсатында алып келіп отырмыз. Бұл туроператорлар 8 мемлекеттен келіп отыр.
Аманкелді СЕЙІТХАН