Басты Жаңалықтар Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады

Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады

«Қауіпсіз қала» акциясы барысында ел аумағында 100-ден аса заңбұзушылық анықталды. Үш күндік шараға «Әділет» партиясының жастар қанатынан 2 мыңға жуық белсенді қатысты. Тексеру кезінде СҚО, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғындарға қауіп төндірген 30-дан астам ашық құдық жабылды. Өзге де олқылықтарды жою үшін жауапты мекемелерге хабар берілді. Президент ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Жадыра Жолкенова, «Әділет» партиясы ЖҚ СҚО филиалының төрағасы:

Мұндай тексерістер бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Негізі бұл халықтың ұсынысы бойынша өткізіліп жатқан акция. ашық жатқан құбырлар, қақпақтар кейін төтенше жағдайлар қызметкерлерімен жабылатын болады.

Бөлісу