Жоғары білімнің болашағы талқыланды
Жасанды интеллект дәуірінде ғылым мен білімді дамыту - елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы да халыққа арнаған Жолдауында цифрландыруды жеделдетіп, жасанды интеллектіні дамытуға және ғылыми әлеуетті арттыруға басымдық берді. Осы міндеттер Ақтауда өткен ғылыми-теориялық конференцияда талқыланды. Басқосу Есенов университетінің 50 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
«Тәуелсіз Қазақстан: 50 жылдық білім мен ғылым мұрасы және жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер». Конференцияның тақырыбы да уақыт талабынан туындаған. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Мемлекет басшысының университет ұжымына арналған құттықтауын жеткізді. Басқосуда отандық ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және ғылыми жаңалықтарды өндіріспен ұштастыру мәселелері қозғалды.
Ермек Нұрмағанбет, Есенов университетінің президент-ректорының міндетін атқарушы:
Өңірдің су тапшылық мәселесі, экологиялық мәселесіүлкен ғылыми мәселелерді зерртеулерді әкеледі. Сондықтаносы жерде біздің үлкен ғылыми зерттеу орталығының құрылысы салынып жатыр. Біздің университетіміздің базасында үлкен технопарк іске қосылып, цифрлық технологияларды дайындай алатын кадрлар дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Конференцияда Президент Жолдауында белгіленген ғылым мен білімді дамыту міндеттері де талқыланды. Ғалымдардың айтуынша, бұл бағытта халықаралық ғылыми байланысты нығайтып, түрлі салаға білікті мамандар даярлауға басымдық беру қажет.
Киікбай Жаулин, Саяси ғылымдарының докторы, профессор:
Білім бар жерде ғылым бар, ғылым бар жерде білім бар. Президент осыған байланысты үлкен жобалар жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық сала бойынша және халықаралық дәрежедегі мысалы батыс елдермен, шығыс елдермен тікелей байланыс жасау керек. Оған магистранттарды, докторанттарды дайындау бүгінгі күннің үлкен қағидаты.
Есенов университетінің құрылғанына биыл - 50 жыл. Осы уақыт ішінде оқу орны өңірдің өндірістік және әлеуметтік салаларына мыңдаған маман даярлады. Конференцияда университеттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкер мемлекеттік наградалармен және ведомстволық марапаттармен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы