«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты. 8 жылдың ішінде оның атқарған еңбегі еселі. Жалпыұлттық диалогты қамтамасыз етті. Ел дамуының маңызды мәселелерінің шешілуіне ықпал жасады. Ортақ мәміле құру алаңына айналды. Бүгін колицияның соңғы отырысы өтіп, онда атқарылған жұмыстарға есеп берілді. Он жылға жуық уақыт ішінде елдегі жетекші қоғамдық күштерді жанына топтастырып, өзін-өзі басқару тетіктерін, әкімдерді сайлау реформасын жетілдірді. Коалиция аясындағы жобалар енді Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңесінің алаңында жалғаспақ.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Көп нәтиже шығардық, көп өзгерістер болды, көп заңдарға қол қойылды. Сондықтан мен ойлаймын, үлкен жұмыс бәріміз де атқардық. Біздің әріптестеріміз де көптеген маңызды сұрақтарды көтере отырып, тиісті шараларды іске асырды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ