Өртенген қазақ драма театры жұмысын тоқтатпайды
Биыл ғана 800 миллион теңгеге жуық қаржыға жөндеуден өтіп, осы жуырда өртеніп кеткен Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық театр, қайта қалпына келтіріледі. Бүгінде өнер ордасына 20-дан астам мекеме демеушілік көрсетіп жатыр. 200-ден астам адам құрылыс жұмысына тартылған. Өткен бейсенбіде театр қызыл жалынға оранып, нысанның 1500 шаршы метрден астам аумағы жанып кеткен еді. Бір анығы, тілсіз жау электр қорабынан күш алған. Келген шығын әзірге белгісіз. Театр басшылығы 200-ге жуық қызметкердің өз жұмысында қалатынын және қойылымдардың уақытша өзге мәдениет үйінде сахналанатынын мәлімдеді. 
Берік Жәменов, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы:
Жұмыс бұрынғы қалпында жүреді. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайымен келісіміміз бар, шараларымыздың барлығын жоспарлы түрде енгіздік. «Балықшы» мөлтек ауданындағы Жастар мәдениет сарайы бар. Бұлармен де келісіп болашақ айлардағы шараларымыз бен спектакльдеріміз, қойылымдарымыз солай өтіп жатады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы