Мемлекет басшысы Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары түстен кейін Жезқазған қаласында жалғасты. Президент қаладаға ең ірі өндіріс ошағы «Жезқазған мыс балқыту» зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты, еңбек адамдарымен жүздесті. Аталған зауыт Казақ мыс компаниясына қарасты және елдегі мыс өндіретін ірі 3 кәсіпорынның бірі. Еңбек ұжымында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Былтыр зауыт 11 миллиард теңгеге жаңа пешті іске қосып, өнімділікті 60 пайызға арттырған. Нәтижесінде 200-дей жаңа жұмыс орны ашылған. Мемлекет басшысы осы және өзге де жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысының обылстағы сапары ертең де жалғасады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22