Президент АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады

21.08.2019

Президент, сондай-ақ, «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады. Аталған формат экономика, экология және қауіпсіздік салалары бойынша Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ арасындағы көпжақты өзара ықпалдастықтың тетігі саналады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту, терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі мемлекет басшылары арасындағы тікелей телефон байланысы туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді. Америкалық дипломат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын атап өтіп, оларды іске асыру үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

 

 

Хабарламаларға жазылу