Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

20.08.2019

Бүгін Үкіметте аз-кем ауыс-түйіс болды. Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келген Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары боп тағайындалды. Бердібек Машбекұлы әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе  облыстарының әкімі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін екі рет басқарды. Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне де екінші рет тағайындалып отыр. Бұл қызметті ол 2014-2015 жылдары да атқарған болатын.


Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін енді Біржан Нұрымбетов басқарады. Ол бұған дейін аталған ведомствода вице-министр қызметін атқарған болатын. Сондай-ақ қызметтік жолында Жамбыл облысының салық саласында, облыс әкімдігінде және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында бірқатар лауазымдарды атқарды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу