Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады

19.08.2019

Жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум өтеді. Қазақстан цифрландыру және жасанды интеллект саласында неміс кәсіпкерлерімен өзара әріптестікті бекемдеуді жоспарлап отыр. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдап, осы жайында пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Клаус Мангольд, Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің тәуелсіз директоры:

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу