Басты Жаңалықтар Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасы басталды

Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасы басталды

Республика жастарын толық қамтитын нетворкинг және тәжірибе алмасу жобасы басталды. Ауқымды шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты - кейінгі толқын арасындағы өзекті мәселелерді өз ауыздарынан естіп, оның шешілуіне қолдау білдіру.

Сондай-ақ, олар қоғамдық әрі бизнес саласында шыңдалған тұлғалардан өмірлік сабақ тыңдайды. Жобаның ашылуына Ақмола, Қарағанды облыстары мен елорда жастары қатысса, ашық форматтағы кездесу одан әрі өңірлерде жалғасады.

Ал 21 тамызда Қазақстан-АҚШ жастар форумы өткізілмек. Отандық және шет елдегі үкіметтік емес ұйымдар арасында жастар саясаты талқыланатын болады. «Бұл жоба екі ел жастарының қарым-қатынасын күшейтумен қатар, көшбасшыларды анықтауға ықпалы зор»,-дейді ұйымдастырушылар.

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары, «Bolashaq» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

Арнайы жастар ұйымдарында тренингтер өткіземіз. Басты мақсат – жұмыссыздықпен күресу, бизнеспен айналысу, сол үшін мүмкіндіктеріне қарай кадрлық резервке кіру.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу