Қызылорда облысында білім ошақтарына 8 мыңнан астам компьютер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында білім ошақтарына 8 мыңнан астам компьютер берілді

16.08.2019

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде «Мектептерге компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсету» жобасы іске асырылды. Бұл орайда кәсіпкерлермен келісімшарт жасалған. Сол арқылы өңірдегі 293 мектепке жаңа компьютер берілді.

Қаладағы №2 «Мұрагер» мектебінде 4 мыңға жуық оқушы бар. Осынша балада осы уақытқа дейін 128 ғана компьютер болды.   Сондықтан бұл мектепке  тағы 80  компьютер берілді.

Эльмира Азатбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Бала саны өте көп. Неге десеңіз, бұрын жоғары сыныптарда ғана оқытылатын. Қазір бірінші сыныптан бастап информатика пәні жүргізіліп жатыр.  Қазір бізде 6 компьютерлік класс бар.

Инвестор компьютерді әкеліп орнатады және оның техникалық жағдайына жауап береді. Бұл өте тиімді. Оның үстіне бюджет есебінен барлық мектепке бір мезетте 8 мың компьютер алу  оңай емес.

Ақбота Еркебаева, Облыстық білім басқармасының маманы:

3  жыл сервистік қызмет көрсетеді бізге. Ай сайын бүкіл компьютерлерді тексеріп отыр. Интернет желілері арқылы. Интернет желілері барлығы 8 мың данаға да қосылған. 

Ескі техника жаңаға ауыстырылды. Электронды журнал, сандық білім беру ресурстары  бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.

Толым Әдепхан, Қазақстандық  мемлекеттік  жеке меншік әріптестік  орталығының атқарушы директоры:

Қызылорда облысы тікелей өзінің қызығушылығын білдірді. Осындай жобаны жасау қажеттілігі болды. Себебі көптеген мектептерде компьютерлік техникалардың жағдайы өте нашар болды, өте ескі болды. Сондықтан да кейбірі істен шықты. Осы білім сапасын арттыру мақсатында және болашақта Қазақстан кадрларын дайындау мақсатында осы мектептен бастап жаңа информациялық технологияларға бейімдеуді мақсат еткенбіз.

Алдағы уақытта жобаны өзге өңірлерде де жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде күрделі мәселе осылайша оңтайлы шешімін таппақ.

Ақерке БЕРІКБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу