Білім және ғылым министрі ұстаздардың зейнет жасын қысқартуға қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрі ұстаздардың зейнет жасын қысқартуға қатысты пікір білдірді

16.08.2019

Білім және ғылым министрі «ұстаздар зейнетке ерте шығу керек» деген бастаманы құптамайтын сыңай танытты. Орталық коммуникациялар қызметінде Тамыз конференциясының жұмысын қорытындылаған министр «Ұстаз мәртебесі» туралы заң жобасына қатысты да пікірін білідірді. Бұл жобаға қатысты келіп түскен өтініштердің басым бөлігі ұстаздарға зейнетке ерте шығу құқығын беру туралы болған. Заң жобасын жасақтау тобы, тіпті  үздіксіз 25 жыл өтілі бар педагогтарды зейнетке 44-45 жастан шығару керек деген норма енгізген еді. Тіпті еңбек өтіліне педагогикалық оқу орнында білім алған жылдарын да жатқызу керектігі туралы ұсыныс айтылған. Заң жақында депутаттардың қарауына жіберіледі. Министрдің мұғалімдердің зейнет жасын қысқартуға қатысты ұстанымы мынадай.

Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі:     

 Жалпы бізде  зейнетке шығудың заңда бекітілген өзінің мерзімі бар. Біз енді ұстаздарға осындай құқық беретін бослақ, онда дәрігерлер бар,  басқа да мәдениет саласының қызметкерлері бар… Мәселелер осылай шыға береді. Сондықтан бүгінгі күні бұл мәселе тек қана талқылау үстінде.  Әлі «оңынан шешілді» деп біз айта алмаймыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу