Басты Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бұл жолғы шара мұғалімдерге арнап ұйымдастырылды. Оған 100-ден аса компания қатысты. Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру департаменті 2 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынып отыр.

Жұмыс беруші мен іздеуші бетпе-бет кездесіп, ашық алаңда тікелей тілдесті. Жастар сарайында өткен мамандандырылған жәрмеңкеге диплом алған түлектер көп келді. Жалпы, қалалық Еңбекпен қамту орталығында 7000 бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы да қалаған қызметке орналасуға болады. Биылғы тәжірибеге 1200 адамды жіберу жоспарда бар.

Рысжан Шамұратова, қалалық №42 мектептің мұғалімі:

Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Сондықтан әр білім беру мекемесі өздеріне қажетті мамандарды жинайтын шақ. Жәрмеңке жақсы деңгейде өтіп жатыр. Өйткені бізге қажетті маман иелері келіп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу