БҚО-да мемлекеттік қызметкер пара алғаны үшін сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мемлекеттік қызметкер пара алғаны үшін сотталды

15.08.2019

Батыс Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорын қызметкері екі жыл бойына 14,4 млн теңге бюджет қаржысын жымқырып келген. Енді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне қарасты ұлттық сараптама орталығы филиалының басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, ветеринария бөлімінің мамандары да пара алып, базардағы етті бақылаусыз өткізген. Соңғы үш жылда мұндай деректер жиілеген. Бұл өңірдің эпизотиялық ахуалына қауіп төндіреді. Жалпы, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық бойынша 100 қылмыстық іс тіркелген. 47 қызметкер ұсталып, 20 адам сотталған. Дені жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін мамандар.

Нұрдәулет Сәмет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Орал қалалық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Ізтілеуов пен бас маман Бекжанов жеке кәсіпкерлерден етті кедергісіз өткізу үшін 1000-5000 теңге аралығында пара алған. Іздеріне түсу арқылы 9 дерек анықталды. Оларға айыппұл төлеу және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыру жазасы кесілді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу