«Ашық әкімдік» жобасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудан әкімдері тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ашық әкімдік» жобасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудан әкімдері тұрғындармен кездесті

09.08.2019

Елордадағы 4 аудан бойынша ашық есік күні өтті. Тиімділігі сол –  күрмеулі мәселені бір күнде бір жерде шешуге мүмкіндік болды. Түске дейін 600-дей адамның арызы тыңдалған. Көбінің көтергені әлеуметтік көмек пен тұрғын үй мәселесі. Жұрттың арасында жеке бастың емес, қаланың қамымен жүргендер де бар. Бастысы 100-ге тарта көпбалалы және ерекше күтімді қажетсінетін балалардың аналарының талап-тілегі тыңдалды. 

Дегдар Қуанған, қала тұрғыны:

2001-де тіркеуге тұрғам. Сонымен өйстіп жүріп жүрмін. Сол үй мәселесі. Сосын енді әлеуметтік көмек... Қабылдаудан шықтым. Көңілім тоқ.

Үкіметтің «еститін мемлекетке» айналуын Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң тапсырған болатын. Себебі «ол тұжырымдамаға көшу аса маңызды»,-деді ел Президенті. Яғни халықтың барлық мұң-мұқтажы мемлекеттік құрылымда шешілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтер ашық, әрі жүйелі түрде көрсетілуі керек. Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы тұрғындармен кері байланыстың орнатылуын да міндеттеді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ 

Хабарламаларға жазылу