Жамбыл облысының Отар әскери оқу-жаттығу алаңында халықаралық Армия ойындары сайысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының Отар әскери оқу-жаттығу алаңында халықаралық Армия ойындары сайысы басталды

07.08.2019

Жамбыл облысының Отар әскери оқу-жаттығу алаңында халықаралық Армиия ойындары сайысы басталды. Оған Әзербайжан Армения, Беларусь, Венесуэлла, Зимбабве, Иран, Қырғызстан, Сирия, Тәжікстан, Қытай, Ресей және Өзбекстанның қарулы күштері қатысып жатыр. Жалпы, дәстүрге айналған сайыстың қатысушы елдердің қарулы күштеріне берер пайдасы қандай? Сайысқа түскен сарбаздар мұнан не ұтады?

 

Нұрлан Асқарұлы, тілші:

Артиллериялық оқ ату шеберлерінің сайысы басталды. Мұнда артиллерист-минатқыштар әскери техника мен қару-жарақты кәсіби қолдану шеберлігін көрсетеді. Жалпы, шағын құрам әскери тапсырманы жылдам, әрі сапалы орындауы тиіс. Басты талап нысанадан мүлт кетпеу керек.

Нысана көздеуден алдына жан салмаған Қазақ артиллеристері жарыстың алғашқы күнінің бірінші минутынан өздерінің мергендіктерін көрсетті. Осылайша, қырағылығы мен шапшаңдығын танытып алға суырылып шықты. 

 

Дәулет Оспанов, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары:

Біздің сарбаздардың дайындығы өте мықты. Өзіміз бақылап жүрдік. Екі рет қорытынды шығарғанбыз тексеріп, техниканың бәрі өте дайын жақсы бәрін тексеріп шыққанбыз, барлық қатысушыларға біздің техникамыз Қазақстанның техникасында дайындалып жатыр. Қару-жарақ та, оқ-дәрі бәрі Қазақстан беріп жатыр.

15 тамызға дейін жалғасатын жарыста 13 мемлекеттен іріктелген 347 сарбаз – мергендік, ұшу және байланыс шеберлігі бойынша сынға түседі. Алдағы күндері «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшу құрылғысының сайысы  және «Сенімді қабылдау» байланысшылар бәсекесі өтеді. Қазақ елінің қарулы күштерінің командасы жерімізде өтетін үш сайысқа да қатысады. Сондай-ақ басқа да мемлекеттерде өтіп жатқан 13 додада бақ сынайды.

 

Исмайыл Хан Ахмади, Құрлық әскерлері артиллериялық бөлімінің қолбасшысы /Иран/:

Әлемдегі бибітшілік жолында осы армиялық ойындарға қатысып жатырмыз. Қазақстан жағы техника қару-жарақпен қаматмасыз етуге өте жоғары, әрі сапалы дайындалған. Біздің де команданың дайынды жақсы. Жеңімпаз боламыз деген үміт бар.

 

Әлемнің 10 мемлекетінде бір мезгілде өтіп жатқан ойындар барысында құрлық, әуе және теңіздегі машықтар бойынша барлығы 32 жарыс түрін өткізу жоспарланған. Оған дүние жүзінің  39 елінен 220 команда қатысады. Сондықтан бұл жарыстар қатысушы едердің ынтымағын арттырып, әскерилер арасындағы бірлігін бекемдеуге сеп болады. Ал сарбаздар тек шыңдала түседі дейді, мамандар.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу