Қала бойынша 100 мыңнан аса кәріз құдығы болса, соның 6 мыңына ғана тор орнатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала бойынша 100 мыңнан аса кәріз құдығы болса, соның 6 мыңына ғана тор орнатылған

07.08.2019

Бас қаладағы құдықтардың жайы қалай? Жер құрғақта мұқият қарап, әрбірін санап шықпаса, былтыр қыстағыдай қайғылы жағдайлар қайталанбауына кім кепіл? Қазірдің өзінде еріктілер 100-ге тарта қақпағы жоқ болса да нықтап бекітілмеген құдықтарды тапқан. «Ал ертең сол қалпы қалың қардың астында қалса қалайша сақтанамыз»,-дейді олар.

Орға құлайды. Одан оңалу да оңай болмас. Иә, Элеонора мықтап орнықтырылмаған мынадай құдықтарды айтып тұр. Ол — ерікті. Жоғалған адамдарды іздестіреді. Сондай кездері ашық-шашық шұңқырлар көп кезігеді екен. Мәселен, мынау — екіншісі.  

Құдық қараңғы, іші су, түбі көрінбейді.

Ақсақал қараңыз, темір түгілі мынадай ағашпен орнатып қойған. Оның өзі өлшеміне келмейді. Түсіп кетеді. – Мынаны мықты әлгі шойындармен, үкіметтің қақпағымен, иә? Құдай өзі сақтасын! – Сіз осы маңда тұрасыз ғой енді. Көп пе мынадай құдықтар? – Жетеді. 

Рас. Айнала толған ор. Ал сол орға ойын баласының құлап кетпеуіне кім кепіл? Сақ жүретін қария да қорқады.

Қала бойынша 100 мыңнан аса құдық болса, соның 6 мыңына ғана тор орнатылған. Яғни сақтандырылды. Басқа ашық-шашық жатқандарын Элеонора сынды тек белсенді тұрғындар тіркетеді. Осы ретте қаперіңізге салайық, егер ашық құдық байқасаңыз, «iKomek-109» қызметіне қоңырау шалыңыз. Мүмкін біреудің өмірін сақтап қаларсыз. Жалпы қазір қаладағы құрылыс аумақтарында әкімдікке тапсырылмаған құдық көп. Олардың сиқы мынау.

 

Элеонора Бекетова, ерікті:

Жағдайды түсінбей ме? Әлде өздерінің балалары жоқ па? Қанша адам түсіп кету керек? Қанша бала мерт боп кетіп жатыр. Үлкен адамдар түсіп кетсе шыға алмайды. Ұстайтын жерлері де жоқ, ештеңесі де жоқ.

 

Шет елде жағдай басқаша. Алдымен қауіпсіздік. «Құрылыс аумағындағы құдықтан алшақ жүресің. Себебі айналасын қоршап қояды»,-дейді Элеонора. Ал бізде ойықты жаппай тұрып, бірінші ұрыларды іздейді.

 

Ербол Төлеуов, Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні не істеп жатырмыз? Ұрлық, темір қақпақтарын ұрлау. ІІД, аудан әкімдіктері жұмыс атқарып жатыр. Ол жаңағы темірді сатып алатын орындар. Сол орындарды жабу.

Былтыр темір қақпақтарды композиттікке ауыстыру туралы айтылған. Оны адам баспайтын көгалға орнатып жатыр екен. «Әйтпесе көлік жолына шыдас бермейді»,-дейді. Тек қыс келіп, қар басқанда қай құдықтың қайда қалғанын білмей саспаса болды. Себебі адам өмірі ойыншық емес. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу