«Burabay forum» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Burabay forum» басталды

06.08.2019

Елордада ІІІ халықаралық Бурабай форумы басталды. Жыл сайын 100-ден астам жас ғалымның басын біріктіретін шараны Тұңғыш президент – елбасы қорының жанындағы ғылыми кеңесі ұйымдастырады. Бұл жолы форумға қатысу үшін 11 елден өнерпаз келді. Армения, Белоруссия, Мажарстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина мен Франция сынды алыс-жақын шетелдердің ғалымдары инновация мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. 4 күнге жалғасатын шараның басты тақырыптары: жаіа фунционалдық материалдар мен технологиялар, ХХІ ғасырдағы агроөнеркәсіп кешені, жүйелік медицина. Бұдан бөлек форум аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер мен түрлі тренингтер өтеді. Бас қалада бастау алған форум енді Бурабайда жалғасын табады.

Әсет Исекешев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры:

Біздің қор үкімет, министрліктер және өңірлермен бірлесіп, көптеген жобалар әзірлеп жатыр. Олар жас таланттарды қолдауға бағытталған. Жас ғалымдар өз елдерінің дамуы үшін осындай бағдарламарға қатысуы өте маңызды. Осы форум барысында мол тәжірибе жинақтап, 12 елдің жас ғалымдарының қауымдастығы ретінде ортақ ұсыныстар әзірлейсіздер деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу