«Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында сенбіліктер өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында сенбіліктер өтті

05.08.2019

 «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында  Шығыс Қазақстан облысында сенбіліктер  өткізіліп келеді.  Қоршаған ортаны тазартқанда, басқасын былай қойғанда, су жағасынан 800 тоннаға жуық  күл-қоқыс жиналған. «Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамасын»,- дейді республикалық акцияға қатысушылар.

27 маусымда басталған акция әр сенбі сайын челлендж ретінде аймаққа қарасты аудандар мен ауылдарда өткізіліп келеді. «Тазалық өзімізден басталады» ұранымен азаматтар белсенділік танытып, қаладағы өзен жағасы мен демалыс орындарында  жұмыс жүргізуде.

 

Марат Құсаинов, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы:

Облыс бойынша 32 мың адам қатысты, бүгін сол 35-40 мыңдай адам қатысуы керек облыс бойынша. Келешек ұрпағымызға таза табиғатымызды қалдырайық.  

Эко-челлендж қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырады. Сенбілікке мемлекеттік органдар, мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.  Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды.

 

Марина Артюшатская, акцияға қатысушы:
Басты мақсат тұрғындарды тазалыққа шақыру. Себебі өзен жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді. Екінші мәрте акцияға қатысып тұрмын. Алайда қала тұрғындарының белсенділігі байқала қоймады. Сондықтан барлықтарыңызды тазалық күнгі жұмысқа шақырамын.

Қаланы көркейтуге бағытталған акция қыркүйек айының соңына дейін созылады.

 

Қуаныш АМАНТАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу