Атырауда 18 түйе белгісіз аурудан қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 18 түйе белгісіз аурудан қырылып қалды

05.08.2019

Атырау облысында да 20-ға жуық түйе белгісіз індеттен арам қатқан. Ойсылқара төлінің өлуі, алғашында  Ақкиізтоғай ауылында   тіркеліпті. Су мен шөптен алынған сынамадан ауытқу анықталмаған.  Алайда малды сойып тексергенде, түйенің көмекейінен көп мөлшерде құрт шығыпты. Бұл жәндік шыбын-шіркейдің шөпке салған жұмыртқасынан пайда болады екен. Қазір түйеден алынған құрт, зертханаға жіберілді. Шаруаларға өтемақы төлеу мәселесі, тексеру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.  Бүгінде өңірде 8 мыңға жуық түйе бар.

 

Азамат Айтқалиев, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Ветеринарлардың пайымдауы бойынша, бұл күйіс қайыратын жануарлардың цифалофиноз ауруы деген қорытындыға келдік. Тиісінше, сау түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрімектермен өңделіп, күні бүгінде жұмыс жасалып жатыр. Түйе малдарының арасында шығын тоқтады. 

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

 

Хабарламаларға жазылу