Басты Жаңалықтар «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында министрліктер меморандумға қол қойды

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында министрліктер меморандумға қол қойды

Әлеуметке пайдасы бар қызметпен айналысатын ерікті студенттерге сағатына 1 мың теңге төленеді. Жастар жылы және жас азаматтарды қолдау мақсатында осындай жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы мен «Еріктілер желісі»  келісімшарт жасасты. Шара университте күндізгі бөлімде оқитын студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көтеру негізінде жасалып отыр. Биыл 10 мыңға жуық адамды қамту жоспарда бар. Алдағы жылы олардың қатары көбеймек. Атап айтсақ, жастар ерікті ретінде балалар мен қарттар үйінде, басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетіп, еңбегі үшін ынталандыру қаржысын алады.   

 

Ақжол Құрмансейіт, «Қаржы Орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары:

Бес бағыт бойынша бөлінген. Инклюзивті білім беру, қарт кісілерге көмек көрсету, жастарға көмектесу бағытында жұмыстарын жүргізген азаматтар ынталандыру қарызын алады және университет қабырғасында өздері оқып жатқан екі және 5 сағаттық академиялық кредиттеріне қайта есептеу жүргізетін болады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу