Бір тәулік абақтыда болған балалар хирургын сот ақтап шықты
Ақтаулық дәрігер ақталды. Бір тәулік абақтыда отырып шыққан өңірге белгілі хирург Насухан Отарғазиевты бүгін облыстық сот ақтап шықты.
Ашық сот отырысына дәрігердің әріптестері мен бұқаралық ақпарат құралдары да қатысты. Судья Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың шығарған шешімінің күшін жойып, дәрігердің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгісі жоқ деп, істі тоқтатты. Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургы тұрғынның шағымынан соң, бір тәулікке абақтыға қамалған. Соттың ол шешімімен келіспеген дәрігер апелляциялық шағым түсірген еді. 
Насухан Отарғазиев, Облыстық балалар ауруханасының хирургі:
Апамыз — үлкен кісі, мүмкін ана есебінде, ашу үстінде айтқан болар. Ол кісіге тікелей қояр талабым жоқ. Ең маңыздысы, бірінші сотта болған судья Сүйеуованың қаулысы және жазықсыздан жазықсыз 1 тәулікке қамағанына байланысты, әрине іс болатын шығар.
Аягөз ОРАЛБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы