Оның бұл жаңалығын әлемдік ғалымдар қолдап, тәуелсіз сарапшылар жаңа жүйені 10 мың долларға бағалаған. Тың инновациялық құрылғының ерекшелегі неде? Өңірдегі тілшіміз Ақерке Берікбекқызы айтады
Компьютерлік вирусқа қарсы жүйе-«КАФКА» деп аталады. Неміс жазушысы Франц Кафканың құрметіне қойылған. Өз шығармаларында жүйеге қарсылығын ашық көрсеткен жазушы секілді бұл жаңа жоба да вирустың таралуына кедергі жасайды. Оны кері қайтарады. Қорғаныс жүйесіне шетелдік сарапшылар жоғары баға берген.
Дастан Айтбай, өнертапқыш:
«КАФКА» программасы кибератака, хакерлердің вирусына төтеп беретін зеркальное проекция. Сингапурлық инвесторлардың алдында қорғап, КАФКА проектісін ресми түрде 10 мың долларға бағалады. КЕз-келген платформаны КАФКА қорғай алады. Мемлекеттік мекемелерде, әкімшілікте «ЛОТОС», оқу орындарында «ПЛАТОНУС» программалары бар. Бүкіл база данных жүйесін қорғайтын осы платформа именно антивирус болып табылады.
Дастанның екінші жобасы- «Қауіпсіз құлаққап» деп аталады. Арнайы механизм арқылы жұмыс істейтін құлаққап адамды жол-көлік оқиғасынан сақтайды. Қазір құлаққаппен көшеде жүру жастар арасында сәнге айналған. Даңғырлаған музыкаға елтіп, айналада не болып жатқанына назар аудармайды. Оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуда. Сондықтан бұл ерекше құлаққапқа сұраныс жоғары.
Дастан Айтбай, өнертапқыш:
Арнайы датчиктер арқылы наушниктің материальный платасын заменить етіп ауыстырамыз. Осы тұста 15 метр арақашықтықтан көлікте болған сирена дыбысы бар, сол сигналға реагировать етіп, автоматты түрде музыка тоқтайды.
Жас өнертапқыш бұл құлаққапты дайындау үшін түрлі эксперименттер жасады. Екі ай бойы зерттеді, тексерді, нәтижесін шығарды. Ендігісін 1-2 сағатта әзірлеуге болады дейді. Арнайы мобильдік қосымшасы да бар. Сондай-ақ ол қазір командасымен бірге функцияларын жетілдіріп, жаңа дизайнда жасап көрмек.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ