100-ден астам алматылық әскери баспанасыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100-ден астам алматылық әскери баспанасыз қалуы мүмкін

02.08.2019

Бұл туралы қалада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Әскери зейнеткерлердің сөзінше, былтырдан бастап, «Әскери қызметшілер мен олардың мәртебесі» және «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңдарға өзгеріс енген. Осыған сәйкес, олар баспана алу үшін 18 емес, 20 жыл қызмет етулері тиіс. Алайда, еңбек өтілі 20 жылға толса да, мемлекеттен берілетін көмекке әлі күнге дейін қол жеткізе алмай жүргендер көп. Тілші бейнематериалы.

Ізбасар Айтанов әскери салада 18 жылға жуық еңбек еткен. Ол 3 баланың әкесі. Ал, кенжесі сал ауруына шалдыққан. 11 жылдан бері Үкіметтің жатақханасында тұрады. Еңбек өтілі зейнет жасына жетпегендіктен, баспанаға қол жеткізе алмай келеді. Енді жатақханадан да шығарып жібере ме деп алаңдайды.

Ізбасар Айтанов, әскери зейнеткер:

Ертең бір күні болмаса бір күн, кім біледі, жаман айтпайжақсы жоқ, менің көзім жойылса, бұл үкіметке қайтадан қайтады. Ал бала-шаға неістейді? Үкімет көмегін беріп ақшалай, біз өзімізге өзіміз кішкентай болса да тұрғызсақбаспана, осы бала-шаға солар қысылмай өздерін алға алып шықса дегенім ғой менікі.

Баспасөз маслихатына жиналғандардың айтуынша, олар қазір тұратын пәтерлерін жекешелендіре алмайды. Өйткені, үйлер әскери қалашықтарда орналасқан. Бірақ, оны Қорғаныс министрлігі ұсынған басқа баспанаға алмастыруға болады. Алайда, басым бөлігі пайдалануға жарамсыз әрі бұзылатын үйлер. Ал, осы әскерилердің мәселесімен белгілі адвокат Айман Омарова айналыспақшы.

Айман Омарова , адвокат:

Оларды баспанасыз, өтемақысыз қалдырумен қоймай,кейбіреулерін тіпті тіркеуден алып тастаған. Олар енді тұрғылықты мекен жайлары бойынша дәрігерге де қарала алмайды. Кейбіреулеріне тіпті, бұзылатын үйлерден пәтер ұсынған. Біз мұндай шешімге қарсымыз. Олар өмірін осы салаға арнап, Ота нүшін қызмет еткеннен кейін, өздеріне лайықты баспаналарын немесе Үкіметтен берілетін ақшаларын алуы тиіс.

Тілші: Ал, қорғаныс саласының өкілдері «Бұрынғы қызметкерлердің ешқайсысы далада қалмайды» деп сендіріп отыр. Тек запастағы әскерилер тұрғылықты жерінен үй кезегіне тұру туралы өтініш жазуы тиіс.

Әрсен Шәріпов, Қорғаныс министрлігі әскерилерді пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы:

Әскерилер қызметтен зейнетке шығар алдында 3 жыл бұрын тұрғылықты жері бойынша үй алуға өтініш жазулары керек. Сол кезде баспана кезегіне қойылып, үймен қамтамасыз етіледі. Көбісі осыны орындамаған. Ал,әскери өтілі 20 жылға жетпеген қызметкерлер өтемақы ала алады. Ал, адвокаттың сөзінше, арызданғандардың арасында әскер саласында қызмет етіп, үйсіз-күйсіз қалған жалғыз басты аналар мен әкелер, тіпті тіркеуге тұра алмай жүргендер де бар. Сондықтан, Алматыда арнайы кеңсе құрылады. Әскери зейнеткерлердің арыз-шағымы сол жерде қабылданып, жоғары жаққа жолданбақ.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу