Павлодарлық тұрғындар алғаш рет электробусқа мінді
Бүгін Павлодарлық тұрғындар алғаш рет электробусқа мінді. Экологияға зияны жоқ қоғамдық көліктер қала ішінде қатынайтын болады. Жоба еліміздегі «Жасыл экономикаға көшу» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Әзірге 10 электробус сатып алынды. Шаһар ішіне осы көліктерді қуат көзімен қамтамасыз етуге арналған бірнеше тұрақтар салынды. Электробустар дизель отынымен жүретін көліктерге қарағанда 4 есе, газ орнатылған автобустарға қарағанда 3 есеге үнемді. 
Бақытбек Қуанов, қала тұрғыны:
Дыбысы шықпайды, өзі кең, жайлы. Қаланың тұрғындарына өте қуанышты шығар деп санаймын. Бұрынғы автобустардан ойлағанмын, осы жаңа электроубстарда жол төлемі қымбат екен деп, бірдей екен бағалары. Қаланың экологиясына жақсы болар еді, осындай жаңа автобустар келсе.
Ернар Қоңырханов, Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын директоры:
Біздің Павлодардың климаттық жағдайына лайықты қылып дайындалған автобустар. Бұлар енді қыста қатты аяздарда батареяларына ауыртпалық түспеу үшін бұларға автономный котелдар орнатылған. Салонына 6 жылытқыш орнатылған. Шыны пакет орнатылған. Қысқа бейімделген бұл автобустар.
Болат АМАНБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы