Шетелдегі қазақ балалары Бурабайда демалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақ балалары Бурабайда демалып жатыр

01.08.2019

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары Бурабайда бас қосты. Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытайдан және Германиядан келген 300-ге жуық бала «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып жатыр. Бүгін маусымның ашылу салтанаты өтті. «Туған жер - алтын бесік» атты халықаралық балалар құрылтайына сан салада жетістікке жеткен балалар жиналған. Демалыс уақытында оқу курстары ұйымдастырылады. Салт-дәстүрімізді көрсетіп, тілді үйретеді. Шетелдегі қазақ балаларын жазғы демалыста Атамекенге шақыру бірнеше жыл бұрын қолға алынды. Жыл өткен сайын елге келіп, демалатын шетелдегі қазақ балаларының саны артып келеді.    

 

Әмина Жақсылықова, демалушы /Ресей/:

Мен Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Және осындай керемет лагерьге келгеніме одан сайын қуаныштымын. Қазақстанның жері де, табиғаты да өте әдемі. Біз осы жерге келгенімізге бәріміз қуаныштымыз. Лагерьде біз достарымызбен таныстық, әрине. Әр түрлі жерлерге, тауға шығуға барамыз.

 

Меруеш Башайқызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі:

Келген балалар тек қана демалып қайтпайды. Біздің өзіміздің қазақ ұлттық қолөнерін үйреніп қайтады. Оның салт-дәстүрі туралы дәрістер тыңдайды. Соны естіп бойларына сіңіреді. Арнайы бағдарлама бойынша сәл болса да, аз уақыттың ішінде осындай нәрсеге кенеліп қайтады.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

Хабарламаларға жазылу