Теріскейде биылдыққа құзырлы мкемелердің бизнеске қысым көрсетуі бойынша 6 дерек анықталды. Жемқорлықпен күрес департаментінің мамандары 26 кәсіпкердің құқығын қорғап, заң бұзған мемлекеттік қызметкерлерді жауапқа тартқан. Бизнесті дамыту мен олардың құқығын қорғау және қауіпсіз инвестициялық орта қалыптастыру мақсатында өткен жиында кәсіпкерлер өздері көріп отырған қиындықтар мен келеңсіздіктерді ашып айтты. Әсіресе шекарадағы тексерістер мен атқарушы билік тарапынан туындайтын кедергілер азаймай отыр дейді бизнес иелері.
Нұрлан Жахин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары:
Мемлекеттік органдармен келісіп, алгоритмді құрастырып жуық арада олармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеп отырмыз. Өйткені, бизнесті қорғау және сүйемелдеу бизнесті дамытудың басымдығы болып табылады. Бизнесті қорғау агенттің басымдығы болып табылады.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ