Отандық көлік құрастырушы компанияларға салықтық жеңілдіктер енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық көлік құрастырушы компанияларға салықтық жеңілдіктер енгізілмек

01.08.2019

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз жиынында айтылды. Саланы дамыту үшін 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Индустрия және инфрамқұрылымдық даму министрлігі қазіргі таңда отандық өндірушілердің бәскеге қабілеттілігі төмен деңгейде деп есептейді. Жабдықтар тозған, білікті мамандар тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы бағдарлама аясында 11 бағыт бойынша 57 іс-шараны іске асыру көзделіп отыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде министрлік алдағы 5 жылда машина жасау өндірісінің көлемін 2 трлн теңгеге дейін жеткіземіз дейді. Қазіргі таңда қазақстандық өндірістің әлеуеті 1 трлн. теңгенің маңайында. Елімізде бұл бағытта 2600 ден аса кәсіпорын бар. Онда 64 мың адам еңбек етеді.

Аманияз Ержанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

Жол картасын іске асыру кезінде біз өндіріс көлемі мен еңбек өнідмілігін екі есе өсуін, экспорт көлемінің 1,2 есе артуын күтудеміз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


 

Хабарламаларға жазылу